Қоғам • 19 Қараша, 2023

Шала туған сәбилерге 650 мыңнан аса арнайы жөргек тегін таратылды

131 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстанда жыл сайын 22 мыңнан аса сәби мерзімінен ерте туылатынын ескерсек, шала туған шараналардың дүниеге келуі, адам қатарына қосылуы дәрігерлердің араласуынсыз мүмкін емес, деп жазады Egemen.kz.

Шала туған сәбилерге 650 мыңнан аса арнайы жөргек тегін таратылды

Сонымен 17 қарашада аталып өткен Халықаралық шала туған балалар күнінде Pampers бренді Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірге «Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында» ерекше отбасылық мереке ұйымдастырды. Мереке мерзімінен бұрын туғандарды қолдауға бағытталған «Ең кішілерге – үлкен қамқорлық» бастамасын мәреге жеткізді.

Мейрамның ең басты оқиғасы – торғайда ғана болып келген сәбилерге «Кішкентай батыр» сыйлығын табыстау болса, мерзімінен ерте туған әрбір бала Pampers компаниясының сыйлығы мен «Рух күші және өмірінің алғашқы сәтінен өзіне деген сенімі үшін» мақтау қағазын алды.

«Бүгін біз дүниеге келуге асыққан кішкентай батырлармен біргеміз. Сондықтан Халықаралық шала туған балалар күнін бізбен бірге туа салып өмірлерін күреспен бастаған және осы жолды батылдықпен жеңе білген бүлдіршіндер атап өтіп жатыр. Ерекше мерекеге осы сәбилердің әке-шешелерімен бірге, осы қиындықтарды қосыла еңсерген Перинатальды орталықтың дәрігерлері де қосылды. Шындығында бұл мереке – «Ең кішілерге – үлкен қамқорлық» кампаниясына мұрындық болып отырған біздің компанияның да қуанышы. Біз мұндай сауапты бастаманы Қазақстанда бірінші рет қолға алып отырмыз. Өмірге шыр етіп келген сәтінен бастап қиындықтарға тап болған оны жеңе білген шараланалар салтанатты жағдайда қандай құрметке болса да лайықты. «Ең кішілерге – үлкен қамқорлық» кампаниясының аясында Pampers бренді Қазақстандағы ең ірі алты перинатальды орталығы мен еліміздегі балалар ауруханаларындағы шала туылған шараналарға тегін түрде 650 мыңнан аса арнайы жөргек тарата отырып, сәбилерді оңалтуды қаржыландыруға көмектеседі. Ал шала туған сәбилерге арналған жөргектерді біз Қазақстанға тегін жеткізіп, перинатальды орталықтар мен перзентхаларға таратып береміз, сатылымда жоқ. Мұндай жөргектер аса жұмсақ, қауіпсіз материалдардан және салмағы бір килоға да жетпей туылатын бөпелердің салмағына, терілерінің тым нәзіктігіне есептелініп жасалғандықтан, бұл ата-аналарына да айтарлықтай көмек», дейді Орталық Азиядағы Procter & Gamble басшысы Руслан Гамзаев.

Қазақстандағы Қызыл Жарты Ай қоғамының бас директоры Марат Мелдеханов беделді брендпен серіктесе жұмыс істеп отырғандарын мәртебе тұтатынын айта келе: «Біздің бірінші кезектегі міндетіміз – жоба инфрақұрылымын ұйымдастыру, сапалы қолдау мен қайырымдылық жобаның барынша тиімділігін қамтамасыз ету болды», деді.

«Шала туған балалар жалпы санының төрттен бір бөлігі, өте экстремальды дене салмағымен – бір килограммнан да төмен болып дүниеге келеді. Алайда, жыл өткен сайын медицинаның бұл саласы дамып келе жатқандықтан, дүниеге келуге асыққан балаларға қамқорлық көрсету біз үшін жеңілдеп жатыр», дейді Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының неонтологиядағы медициналық қызметтер сапасын бақылау бөлімінің басшысы Ләззат Оңалбаева.

Мереке кезінде дәрігерлердің Перинатальды орталықта өздері кіндігін кескен дені сау әрі өсіп қалған балалармен кездескенде жан толқытарлық әсерлі сәттері де көп болды. Ал «Кезінде және қазір» фотосуреттер көрмесіне шараналардың енді туылған және өсіп келе жатқан кездеріндегі суреттері қойылды.