Спорт • 20 Қараша, 2023

Азия чемпионатынан 11 медаль. Жастар айбат танытты

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның  Ташкент қаласында дзюдо күресінен жастар мен жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты өтті.  Еліміздің   жастар құрамасы  құрлық додасынан ерлер  4 алтын, 1 күміс, 1 қола, ал қыздар 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азия чемпионатынан 11 медаль. Жастар айбат танытты

Фото: kaz_judoteam

Ташкент төріндегі Азия чемпионатында 60 келі салмақта Талғат Орынбасар финалдық белдесуде өзбек балуанын ұтты. 66 келі салмақта күрескен  Жанарыс  Рахметқали да алтын медаль үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын  жеңді. 73 келіде Азия чемпионы атанған Алмат Әділет тәжік балуанынан басым түсті. 81 келіде Нұржан Бисенов те финалда өзбек спортшысын жығып, алтын медаль иеленді. 90 келіде күрескен Мұхаммедәли Мавлидов Оңтүстік Кореяның балуанына есе жіберіп күміс медальді місе тұтты. Ерлер додасында қола медаль 60 келіде сынға түскен Алдияр Қарғұловқа бұйырды.

Жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздарымыз да қайрат көрсетіп, Нұрайлым Сәрсенбек 48 келіде  чемпион атанса, 63 келіде Гүлнұр Баханова күміс,  Аружан Ережепова (52 келі),  Дана Әбдірова (57 келі), Карина Такиева 78 келіден жоғары) Азия чемпионатының қола жүлдесін олжалады.