Құқық • 20 Қараша, 2023

Қыруар қаржыны сақтап қалды

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қалалық прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында заң­дылықтың сақталуына талдау жүргі­зіп, бұрын орташа жөндеу жүргізілген көшелерге қайта қаражат бөлінгенін анықтады. Қызылорда қаласына қа­рас­ты Қызылжарма ауылдық округіндегі Батырбаев көшесіне осыдан 3 жыл бұ­рын 49 млн теңгеге орташа жөндеу жасал­ған екен.

Қыруар қаржыны сақтап қалды

Автомобиль жолдары комитеті төрағасының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы «Автомобиль жолдарының құрылымдық элементтерінің, оның ішінде салу, реконструкциялау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеуден кейінгі жол жағдайының жөндеуаралық мерзімдерін белгілеу жөніндегі ұсынымдар туралы» №131 бұйрығының 4.1 тармағында автокөлік жолдарына күрделі жөндеудің аралық мерзімі 6-9 жыл екендігі анық көрсетілген. Ал ауылдық округ әкімдігі осы талапты ескермей биыл Батырбаев көшесін күрделі жөндеуге қаражат бөліп, 653,9 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу жариялаған.

Осыған ұқсас заң бұзушылықтар ауылдағы Әбенов, Досхожин және Сексенбаев көшелерін күрделі жөндеуге қаражат бөлу кезінде де анықталып отыр. Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, қабыл­данған шаралар нәтижесінде жалпы сомасы 1,7 млрд теңге болатын 4 сатып алу конкурсының күші жойылған.

Осылайша қыруар қаржыны жөнделген жолды жамауға жұмсағысы келгендердің қулығы іске аспай қалды.

 

ҚЫЗЫЛОРДА