Аймақтар • 22 Қараша, 2023

Отбасына жанашыр орталық

113 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде отбасын сақтап қалу өзекті мәселеге айналды. Шаңырағы шайқалған жастардың арасына береке құяр, ақылын айтар орталықтар ауадай қажет. Осы ретте Сарқан қаласында «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылды. Аталған нысан жас отбасының ішкі түйткілдерін шешуге жәрдемдеседі.

Отбасына жанашыр орталық

Маусымда мемлекеттік тіркеуден өткен мекемеге 17 штат бөлінген. Қазір екі қабатты ғимаратта 14 адам жұмыс істейді. Олардың барлығы – отбасы тақырыбында ысылған білікті мамандар.

Жаңа орталықты ашу салтанатына қа­тысқан аудан әкімі Ғалымжан Маманбаев орталықтың атқаратын жұмысына қысқаша тоқ­талды. Мекеме мүгедектер, көпбалалы отбасы, аз қамтылған отбасы, жалғыз бас­ты аналар, қиын жағдайға тап болған от­ба­сыларға қызмет көрсетеді. Мұндай ор­та­лық­тың қажеттілігін заман алға қойып отыр.

Жетісу облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ермек Мизамбаев бұл мекемеге жүгінген тұрғындарға әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, мәдени, құқықтық, медициналық қызмет көрсететін орталық қызметкерлерінің алдында тұрған міндеттерді атап өтіп, облыста алғашқы болып ашылып отырған орталық жұмысына сәттілік тіледі. Жиында аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Шолпан Асқарғалиева, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Қадыл Жанасбеков ұжымның алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, бата берді.

«Орталықта кеңес беру жұмыстары бас­талды. Қазан айында орталыққа жүгінген аналардың өтініштері қаралып, қабылданды. Қызмет алушыларға әлеуметтік жәрдемақы тағайындалды» дейді орталық директоры Ләззат Абылханова.

Жатын бөлмелер, кір жуатын орын, асхана, балалардың ойын бөлмесі, тынығу бөлмесі жан-жақты жабдықталған. Орталық­қа аз қамтылған отбасынан қиын жағдайға тап болған жәбірленуші ана баласымен ке­ліп түсіпті. Мұндай санаттағы адамдар қи­нал­ғанда көмек қолын созатын оңтайлы орын­ның ашылғанына ризашылығын білдірді.

 

Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024