Аймақтар • 22 Қараша, 2023

ШҚО-да ірі көлемде пара алған шенеунік ұсталды

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен және прокуратурамен бірлесіп облыстың экология департаменті басшысының орынбасарын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да ірі көлемде пара алған шенеунік ұсталды

Ол ҚР ӘҚБтК-нің 328-бабы 4-бөлігі (Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу) бойынша өңірдегі кәсіпорындардың бірін әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.