Қоғам • 22 Қараша, 2023

Апаттық үйлер мәселесін шешуде кәсіпкерлерді тарту керек – депутат

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сөйлеген сөзінде апаттық үйлерде тұрып жатқан адамдардың өмірі сағат сайын, минут сайын қауіпті жағдайда екенін еске салған депутат Еділ Жаңбыршин 3 мың 402 адамның сондай үйлерде тұрып жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz

Апаттық үйлер мәселесін шешуде кәсіпкерлерді тарту керек – депутат

Апаттық үйлер мәселесін екі депутат көтергенін, министр жалпы Үкімет аталған мәселені шешу жөнінде ешқандай тиянақты механизді айта алмағанын тілге тиек еткен депутат Е.Жаңбыршин кезінде Ақтау қаласында апатты жағдайда болған 15 үй мәселесі мемлекет пен жеке кәсіпкер серіктестігі арқылы шешілгенін айтты.

«Инфрақұрылымды күшейтіп бердік, қалғанын бизнес жасады. Солайша бюджеттің ақшасын үнемдедік. Кәсіпкер санитарлық нормасы жоғары үйді салды, жоспарлады, көшірді. 4 жылдың ішінде Ақтаудағы 15 апатты үйді жоқ қылдық», деді депутат.

Депутаттың айтуынша бизнесті тартуға мүмкіндік бар. Өйткені, апатты үйлердің барлығы жақсы жерлерде орналасқан, мысалы қаланың ортасында, т.б.

Құрылысшылар бар екенін, банктер несиелер беретінін, бизнесті тарту керек екенін айтқан депутат: «Мемлекет пен жеке кәсіпкерлердің серіктестігі арқылы апатты үй мәселесін шешуге болады. Осындай механизмдерді министрлік кәсіпкерлермен бірге іске асыру керек», деп сөзін түйіндеді.