Президент • 23 Қараша, 2023

Қазақстан уақытша бітім жасау келісімін қолдайды

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь астанасы Минск қаласында өтіп жатқан ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Қазақстан  уақытша бітім жасау туралы соңғы келісімді құптайтынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан уақытша бітім жасау келісімін қолдайды

aqorda_resmi

«Біз әуел бастан қақтығысушы тараптардың гуманитарлық үзіліс жариялауы керек екенін айттық. Олар осы уақытты қалыптасқан жағдайды реттеудің ұзақмерзімді шараларын әзірлеуге пайдалану үшін бар күш-жігерін жұмсауы қажет. Бұған қоса, БҰҰ аясында палестиналықтарға «Екі халық үшін екі мемлекет» формуласына сай толыққанды мемлекет құру құқығын берген жөн. Осындай қиын жағдайда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын мүлтіксіз орындап, халықаралық құқық нормаларын сақтау маңызды. Ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыру және тауқыметі көп осы елдің өңірлік экономикаға интеграциялануына ықпал ету маңызды деп санаймыз. Биыл Қазақстан Ауғанстанға азық-түлік, аса қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмек жөнелтті. Қазан айында Ауғанстанның батысында болған жер сілкінісіне байланысты көмек көрсетілді. Герат қаласына құтқарушылар, кинологтар мен медицина қызметкерлері жіберілді», деген Қ.Тоқаев Ауғанстандағы күрделі ахуалға назар аударып, халықаралық қоғамдастықты осы елге көмек беруге шақыратынын айтты.