Маман • 23 Қараша, 2023

Жас маманға жұмыс дайын

173 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жетісуда білім саласын­ жүйе­­леу жұмыстары жү­ріп жа­­­тыр. Қазір өңір кәсіп­орын­­дарының нақты тапсырыс­тары бойынша 13 кол­­­леджде 501 адам білім алады. Олар оқуларын аяқ­таған соң, тапсырыс бер­ген кәсіпорындарға жұ­мыс­қа орналасады. Осы­­ған­ байланысты колледж, ст­у­дент және өңірдің 45 кә­сіп­орны арасында үш жақ­ты келісімшарт жасалды.

Жас маманға жұмыс дайын

Облыстық білім басқар­ма­сы­ның мәліметінше, Оқу-ағарту ми­­нистрлігі өткен оқу жылын­да­ кәсіпорындардың тапсырысы­ бо­йын­ша кадр даярлауды­ енгіз­ген болатын. Бұл өз кезегінде ең­бек нарығында сұранысы бар маман­дықтарға маман даярлауғ­а­ мүмкіндік береді. Бұл рет­те жұ­мыс берушілер өз кәсіп­орын­да­ры­ның базасында­ сту­дент­­тердің тәжі­ри­беден және тағы­лым­дамадан өтуіне жағ­дай жасап, оқу­ын аяқтаған соң жұмысқа қабылдау мін­детін алып отыр.

Сонымен қатар облыс­ әкімінің тапсырмасына сәй­кес кол­ледж­дерді бейіндеу жұмыс­тары жүр­гі­зілді. Соның нәтижесінде 15 кол­ледждегі бейін­дері сәйкес келмейтін 91 мамандықтың 45-і жабылды және өңірдегі 13 колледжде «Ландшафты дизайн», «Кинолог», «Логопед», «BIM-техник», «Киім дизайны», «Графикалық және муль­ти­­медиалық дизайн» және тағы да басқа еңбек нарығында сұра­нысқа ие 17 жаңа мамандық ашылды.

Мемлекеттік тапсырысты жұ­мысшы мамандықтарына қайта бағдарлау жұмыстары атқа­рыл­ды. Соның нәтижесінде биыл жұмысшы мамандықтарға мем­ле­кет­тік тапсырыс көлемі өткен жыл­­мен салыстырғанда 268 орын­ға ұлғайды. Сол сияқты 2024 жылға тағы бірқатар жаңа маман­­дықты ашу жоспарланып отыр. Олардың қатарында балық шаруашылығы, жылы­жай шаруашылығын ұйым­дас­ты­ру, кран машинисі, мал ша­­р­уа­­шылығы кешендері мен меха­ни­ка­­лан­дырылған фермалардың операторы, пилотсыз ұшу аппа­рат­тары­ның операторы, ұнтақтау-сұрып­тау жабдығының операторы, түту өндірісінің машина­ла­ры мен жабдықтарының опера­то­ры, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құры­лыс­тарын пайдалану секілді маман­дық­тар бар.

«Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман даярлау – әрбір оқу орнының басты міндеті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай «Сапалы білім беру «Білімді ұлт» ұлттық жоба­сын іске асыру шеңберінде 2025 жылға қарай сұранысқа ие ма­ман­дықтар бойынша жастарды тегін тех­ни­калық және кәсіптік білім берумен толық қамту көзделген. Осы жылы мем­­л­екеттік тапсырыстың ұл­ғай­­­­ға­нын ескеріп, жастарды кол­ледж­­дерде 9-сынып негізінде тегін техникалық және кәсіптік бі­лім­мен қамту 84,4 пайызға жет­кізілді. 2025 жылға қарай бұл көр­сеткіш 100 пайызға жетеді деп жос­парланған», дейді облыстық бі­лім басқармасының мамандары.

Сондай-ақ облыста 14 колледж­де дуальды оқыту жүйесі енгізілген. Онда 25 мамандық бойынша 2734 білім алушы даярланып жатыр. 249 кәсіпорынмен 262 келісімшарт жа­салды. Яғни түлектер практикадан өтіп, әрі қарай жұмысқа тұра ала­ды. Дуальды оқытуды енгізуде және кәсіпорындармен табысты бір­лес­кен іс-қимылдың тиімді үлгісін Тал­дықорған сервис және техноло­гия­лар колледжі, Текелі кәсіптік кол­леджі, Талдықорған аграрлық-тех­но­логиялық кол­лед­жі көрсетіп отыр. Осы орайда кол­ледждің ірі бизнес­пен тығыз қарым-қатынасы білім беру бағ­дар­­ламаларының мазмұнын жаңар­туға мүмкіндік берді.

Осы мақсатта колледждің әрбір түлегінің бизнес дағ­ды­ларына ие болуының маңыз­дылығын ескеріп, Талды­қор­ған жоғары поли­тех­ника­лық колледжінің базасын­да кәсіпкерлік қоғам­дас­тық өкіл­де­рін тарта отырып, сту­денттік бизнес-инкубатор құрыл­ды. Сол сияқты «Жас маман» жоба­сы аясында 7 мемлекеттік кол­леджде 11 құзыреттілік орта­лығы ашылып, олардың база­сында «WorldSkills» чемпионатына дайындық алаң­дары, Талдықорған жоғары поли­­техникалық колледжінің база­сын­да «Startap» академиясы­ құрылды. Орталықтарда ака­де­миялық ұтқыр­лық шеңберінде ауылдық колледж студенттеріне практикалық сабақтар өткізіледі, арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шебер­ле­ріне біліктілігін арттыру,­ қайта даярлау курстары ұйым­дас­ты­ры­лады.

Еске сала кетейік, облыс­та 27 колледж жұмыс істейді, онда 14 773 студент білім алып жатыр. Оқу орындары ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, құрылыс, машина­жасау салалары, сондай-ақ техни­калық, педагогикалық, заң­герлік, экономикалық, меди­циналық ба­ғыт­тарға 61 мамандық және 102 білік­тілік бо­йынша маман даярлайды.

 

Жетісу облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024