Оқиға • 25 Қараша, 2023

ШҚО-да бір тәулікте екі гараж өрті тіркелді

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысында гараждар үй-жайында 2 өрт бір тәулік ішінде Риддер және Өскемен қалаларында болды, деп жазады Egemen.kz.

ШҚО-да бір тәулікте екі гараж өрті тіркелді

Фото: ШҚО ТЖД

Советская көшесінде (Риддер) түнгі сағат 2-лер мұғдарында өрт шығып, гаражы бар тұрғын үй ауласында қоқыс пен автомобильдің қосалқы бөлшектері және шиналары жанып кеткен. Өрт сөндірушілер аумағы 10 шаршы метрді құраған алауды сөндірді. Алдын ала болжам бойынша өрттің болу себебі – электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің ережелерін сақтамау.

Индустриальная көшесінде (Өскемен) таңертеңгілік уақытта жеке тұрған гараждың ішкі қаптамасы жанып, өрт ішінара «Chevrolet Nexia» автокөлігі ішіне тараған. ШҚО ТЖД Өрт сөндіру қызметкерлерінің жедел іс-қимылы нәтижесінде автокөлік құтқарылып, гараждан шығарылды. 4 шаршы метр аумақты қамтыған алау сөндірілді. Болжам бойынша, электр желісін орнату және пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу себебінен өрт болған.