Қоғам • 28 Қараша, 2023

Қазақстанда тыйым салынған автонөмірлер жарияланды

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі сөйлеу мәдениетіне жат 106 әріп комбинациясын автокөлік нөміріне таңдаудан алынғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда тыйым салынған автонөмірлер жарияланды

Ішкі істер министрлігі оқылуы мен айтылуы «сөйлеу мәдениетіне жат» болғандықтан алып тасталынған мемлекеттік тіркеу белгілерін жариялады. Көрсетілген әріп комбинацияларын алып тастау туралы шешім тіл сараптамасы негізінде қабылданған. 

«Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту комитетінің 2018 жылғы тілдік сараптамасына сәйкес оқуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат заңды және жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерінің мынадай сериялары диапазоннан алынып тасталды», делінген хабарламада.

Алынып тасталған әріп комбинациялары мыналар: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK, GEY, GEI, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, GOS, IIN, QAS, OON, XUI, QR, HUY, ISK, HYI, QYS, XUY, JUN, XER, BOQ, QUL, SIK, QAN, SYK, JUT, QOR, QYQ, QOI, TYQ, JOI, JMI, JYN, GAI, IBU, VOR, EBU, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, IOX, IOH, LOX, LOH, COX, KOX, FBR, POX, KNB, MVD, OPG, EBR, AMM, SGL, ASS, HAX, NAX, AM, IB, KZ, PK, QU, KP, UD, WX, TG, NS, CS, PV, AK, WK, JO, AQ, AO, RK, NN, BS, ST, BA, AW, AP, AE, AX.