Қоғам • 29 Қараша, 2023

Автокөлікке арнайы белгі жапсырмағандарға айыппұл салынады

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде газбен жүретін автокөліктер 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы белгі орнатуы қажет, деп жазады Egemen.kz.

Автокөлікке арнайы белгі жапсырмағандарға айыппұл салынады

Фото: kolesa.kz

Сауда және интеграция министрлігі газ жабдығы орнатылған автокөліктерде арнайы белгі болмаса қанша теңге көлемінде айыппұл салынатынын айтты.

«Таңба газ жабдығымен жабдықталған автокөліктерге міндетті болғандықтан, ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабына сай 3 АЕК (10 350 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған», делінген министрлік хабарламасында.

Бүгінде Қазақстандағы 380 мыңнан астам автокөлікке газ жабдықтары орнатылған. Осы санаттағы көліктер жаңа жылдан бастап қара жиегі бар сары теңбүйірлі үшбұрыш, оның ішінде «GAS» деп жазылған, леп белгісі қойылған ерекше белгіні жапсыруы тиіс.

Бұл белгі автокөлік жабық тұрақтарға кіргенде қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында орнатылады.