Оқиға • 30 Қараша, 2023

Алматыда өрттен қаза тапқан 13 адамның төртеуі шетел азаматы – полиция департаменті

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хостелдегі өрттен қаза тапқандардың жеке басы анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда өрттен қаза тапқан 13 адамның төртеуі шетел азаматы – полиция департаменті

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қайтыс болған 13 адамның төртеуі шетелдіктер, қалған 9 адам - Қазақстан Республикасының азаматтары.

Айта кетейік бұған дейін қала әкімі Е.Досаев өрт кезінде қай елдің азаматтары қаза тапқанын айтқан еді. 

Сондай-ақ Премьер-министр Әлихан Смайыловтың өкімімен хостелде болған өрттің себептерін тексеру және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылған еді. Кейінірек Алматы қаласы ТЖД өрт фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.