Ауа райы • 30 Қараша, 2023

Астанада көктайғақ: ТЖД ескерту жасады

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада бүгін көктайғақ болатыны күтіліп отыр. Осыған байланысты қалалық ТЖД тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды  Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астанада көктайғақ: ТЖД ескерту жасады

Фото: gov.kz

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Қазгидромет» РМК деректері бойынша Астана қаласында 30 қараша күні ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және қатты жауын-шашынға байланысты көктайғақ күтілетінін мәлім қылды.

Астана әкімдігі ауа райының қолайсыздығына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан жазатайым оқиғаларға тап болмас үшін сақтық ережелерін сақтауды сұрады.

Хабарламада елордалық құтқарушылар төтенше жағдай туындағанда 112 телефоны бойынша шұғыл қызметтерге қоңырау шалуды сұрады. Әсіресе көшеден өтер кезде өте мұқият болуға, сондай-ақ мектеп оқушыларын көктайғақ кезінде сақтық ережелерін сақтауға шақырды.