Спорт • 02 Желтоқсан, 2023

Grand Slam: Әр салмақта қос спортшы қатысады

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Жапонияның Токио қаласында  Grand Slam  халықаралық турнирі өтеді. Еліміздің ерлер құрамасында әр салмақта екі  балуан қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Grand Slam: Әр салмақта қос спортшы қатысады

kzaif.kz

Ұлттық құрама бапкерлері 60 келі салмақта Нұрқанат Серікбаев пен Елдос Сметовке сенім артып отыр. 66 келіде Нұрзат Сәлімбаев, Ғұсман Қырғызбаев, 73 келіде Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев, 90 келіде Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков, 100 келіде Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас, 100 келіден ауыр салмақта Ғалымжан Қырықбай, Ерасыл Қажыбаев күреске түседі. Әлем чемпионы, жазғы Олимпиада ойындарының күміс, қола жүлдегері Елдос Сметов жарақаты себепті ұзақ уақыт үзілістен кейін маңызды додаға қатысады.

Қыздар құрамасында 48 келіде Ғалия Тынбаева, Әбиба Әбужақынова, 63 келіде Эсмигюль Куюлова, 70 келіде Екатерина Токарева, 78 келіден ауыр салмақта Кәмила Берліқаш, Назгүл Маратова  белдеседі.