Спорт • 04 Желтоқсан, 2023

Ақмарал Науатбек Grand-Prix турнирінің чемпионы атанды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияның Токио қаласында  пара дзюдодан өткен IBSA Judo Tokyo Grand-Prix 2023 турнирінде жерлесіміз Ақмарал Науатбек чемпион атанды деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмарал Науатбек Grand-Prix турнирінің чемпионы атанды

Фото: ijf.org

Жапония астанасында  өткен  пара дзюдодан Grand Prix бәсекесінде J2 санаты  бойынша 48 келі салмақта күрескен Ақмарал финалдық белдесуінде Токио Паралимпиада ойындарының чемпионы Әзербайжан спортшысы Шахана Хаджиеваны айқын ұтты.

Ерлер додасында (J1 санаты)  Ерғали Шәмей  айтулы турнирдің қола жүлдесін еншіледі.