Өнер • 04 Желтоқсан, 2023

Өмірімен өрілген портрет

219 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бейнесі аңызға айналған Анна Ахма­тованың портреттері көпке мәлім. Ақын­ның суретін әр жылдары Амедео Модильяни мен Кузьма Петров-Водкин, Иосиф Бродский мен Алексей Баталов салған. Өнертанушы Эрих Голлербах айтқандай, «Ахматованың портреттерінде ондаған сыншының кітаптарына қарағанда әлдеқайда көп шындық бар» деседі. Иә, аңыз-тұлғаның өмірінің әр кезеңін бейнелеген туындыларда сол уақытқа сай ақынның көңіл күйі де көрінетіндей. Десе де бірнеше портретіне ортақ бір күй бар – мұң. Қай суретшінің қыл­қаламындағы Ахматоваға қара­саңыз да биік рух, сырбаз бейне, асқақ жан, жанарынан есетін қоңыр мұңды бай­қамау мүмкін емес.

Өмірімен өрілген портрет

Ақынның алғашқы портретінің бірі екінші жинағы «Таспиқ» жарық көрген уақытта салынды. Бұл 1914 жыл болатын. Натан Альтманның «Оның ақын достары білетін бейнесі» атты портретінде ол тәкаппар және әлсіз болып бейнеленген. Альтманмен бір мезгілде Ахматованы Ольга Делла-Вос-Кардовская да салды. Суретшінің қызы Екатерина өз естелігінде осы екі картинаны салыстырады: «Көркемөнер тұрғысынан алғанда, менің анам салған портрет өзіме қанша ұнаса да, ақын достары мен табынушылары білетін Ахматова бұл портретте емес, Альтманның туындысында дәл берілген деп санаймын».

Ақын авангардтық портрет пен Натан Альтман туралы «Қасиетті отанның тоғайын тастап кеткенде» өлеңінде жазады.

ичсм

Ахатованың ендігі атақты портреті – «Мұңды сұлу». 1921 жылы Ахматова Петро­градта, күйеуі Вла­димир Шилейкомен (олар 1918 жылы, Ах­матова мен Гумилев ажырасқан жылы үйленді) тұрып жатты. Ақын­ның достары Борис Анреп пен Ольга Глебова-Судейкина шетелге қоныс аударған бо­латын. Ал Ахматова кеңестік Ресей­де қалып, орын алған өзгерістер мен жақын адам­дары­мен айырылысудың ауыр кезеңін бастан кешіп жүрді.

Петроградтағы Кирочная көшесіндегі үйде оның суретін Юрий Анненков салды. Ол Ахматованы ауыр ойлардан арылтуға бар күшін салып бақты: «Момын тұтқындай көрінетін мұңды сұлу, әсем ақсүйекше сәнді көйлек жа­санған! …Ахматова маған суретін асқан шыдаммен, сол қолын кеудесіне қойып тұрып салдырды. Сеанс кезінде біз бейтарап тақырыптарға сұхбаттасып, майда-шүйдені әңгіме қылдық».

сти

Бұл картинадан кейін бірнеше жыл өтер-өтпесте Ахматованың шығармаларын жа­риялау мүлдем доғарылған еді. «Мәс­кеудегі кештерімнен соң (1924 жылдың көктемі) менің әдеби қызметімді тоқтату туралы қаулы шықты. Мені журналдар мен альманахтарға жарияламады, әдеби кештерге шақыруды қойды», деп жазды ақын.

Осы кезеңде суретші Николай Тырса ерек­ше материалдар – акварель мен керосин шамы күйесінің қоспасын пайдаланып, Ах­матованың үш портретін салды. Суретшінің бұл туындылары Осип Мандельштамға ерекше әсер қалдырды. Мұндағы ақынның көңіл күйі портреттегі бояулардан-ақ анық көрініп тұр.

Бұдан кейінгі салынған портреттер де ақынның өмірі мен шығармашылығындағы сүреңсіз жылдарда салынды. Осмёркиннің «Ақ көйлекпен ақ түнде», Сарьянның «Идея­дан жұрдай бос поэзия өкілі» пор­треттері сол кезеңнің қанық бояуын бергендей.

1964 жыл. Ахматованы қайта жариялай бастады, Кеңес Жазушылар одағындағы мүшелігін қалпына келтірді. Ақын Италияда «Этна-Таормина» әдеби сыйлығын иеленді. Оның ұлы ақталып, 1956 жылы босап шықты.

Сол жылы Моисей Лянглебен Ахмато­ваның ең соңғы портреттерінің бірін салды (ол 1966 жылы өмірден өтті). Суретші оны натурадан бес рет салып, Ахматова сол пор­треттердің төртеуінде өз қолтаңбасын қалдырған. Демек, ұнағаны ғой.

Бұл мүлдем басқа Ахматованың пор­треттері болатын. Суретші әрі жазушы Юзеф Чапскийдің естелігіне сүйенсек, мұнда Анна Андреевна үлкен креслоға жайғасқан, ірі, байыпты, толық, сәл саңыраулығы бар. Олар XVIII ғасырдағы орыс патшайымдарының мін­сіз портреттерін еріксіз еске түсіреді. Ту­ын­дының «Орыс патшайымы» деп аталуы да содан шығар.