Президент • 05 Желтоқсан, 2023

Мемлекет басшысы Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасында волонтерлерді мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

Фото: akorda.kz

«Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді», деп жазды Президент өзінің Х парақшасына.