Президент • 05 Желтоқсан, 2023

Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша екі ел арасында тұрақты диалог қалыптасқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ресей Президенті Владимир Путиннің жуырда Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар тату көршілік қатынастарды жан-жақты нығайтуға бағытталған өзара ұмтылысты тағы да растады.

Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері және даму перспективалары қарастырылды.