Қоғам • 06 Желтоқсан, 2023

Қазақстанға мандарин қайдан әкелінеді?

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мандарин - жұртшылық жадында жаңа жылмен ассоциацияланатын жеміс. Мерекелік дастарханды мандаринсіз елестете алмайтындар да табылады. Жаңа жыл таяғанда мандарин бағасының шарықтауы да осы себептен болса керек.  Біздің елде өсірілмесе де мандаринді жыл он екі ай тұтынып жүруіміз импортпен байланысты. «С» дәруменіне бай Мандарин қай елдерден әкелінеді? Мемлекеттік кірістер комитеті дәмді цитрус және экзотикалық жемістердің импортына қатысты қызықты статистиканы ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанға мандарин қайдан әкелінеді?

Фото: ашық дереккөзден

Биылғы жылдың қаңтар-қазан аралығында елімізге жалпы салмағы 51 969,9 тонна, құны 35 607,2 мың АҚШ долларын құрайтын цитрус және экзотикалық жемістер импортталды.

Статистикасына сүйенсек биыл елімізге жеткізілген мандариндер былтырғы жылмен салыстырғанда 15 882,5 тоннаға көп.

Мандаринді Қазақстанға негізгі жеткізуші мемлекеттер мыналар:

Мемлекет

Салмағы, тонна

Құны, мың АҚШ доллары

Қытай

20 002,1

17 411,2

Пәкістан

17 319,0

7 230,1

Түркия

5 945,9

4 835,2

Иран

326,1

279,1

Оңтүстік Африка

255,0

206,8

Аргентина

136,5

81,9

Марокко

133,9

173,1

Египет

109,4

116,2

Перу

83,4

52,7

Апельсин де цитрус жемістерінің ішінде ең көп тұтынылатын өнім.

2023 жылы Қазақстанға салмағы 6 738,7, тонна құны 4 157,1 мың АҚШ долларына апельсиндер жеткізілді.  

Елімізге апельсин тасымалдайтын елдердің көшін Египет бастап тұр.

Мемлекет

Салмағы, тонна

Құны, мың АҚШ доллары

Египет

3 262,6

1 857,5

Иран

2 281,5

1 426,5

Түркия

499,0

355,6

Оңтүстік Африка

456,1

321,2

Қытай

134,0

88,0

Испания

36,8

27,6

Аргентина

33,8

26,2

Марокко

33,7

41,0

Өзбекстан

1,0

12,5

Нидерланды

0,2

1,0

Ал биыл Қазақстанға жеткізілген құрма, інжір, ананас, авокадо, мангоның салмағы 874,5 тонна, құны 1 027,4 мың АҚШ долларды құрады

Экзотикалық жемісті импорттаушы негізгі мемлекеттер: 

Мемлекет

Салмағы, тонна

Құны, мың АҚШ доллары

Қытай

812,5

898,6

Перу

19,7

27,9

Пәкістан

19,7

27,0

Нидерланды

3,2

25,8

Бразилия

10,5

20,8

Тайланд

1,4

10,9

Колумбия, Кот-д'Ивуар, Мексика, Түркиядан да тасымалданатын цитрустық жемістер бар.