Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2023

Шығыста «Лу Бань шеберханасы» ашылды

123 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ базасында Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық нәтижесінде «Лу Бань шеберханасы» ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Шығыста «Лу Бань шеберханасы» ашылды

Шеберхананың ашылу салтанатына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев, Қытайдын елшісі Чжан Сяо және Қазақстанның ғылым және жоғарғы білім министрі Сясат Нұрбек қатысты. Бұл шеберхананы құру туралы келісімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына көктемдегі сапары кезінде қол қойылған болатын.

Лу Бань шеберханасы қолданбалы технология және жоғары техникалық білім саласындағы жоба. Ол Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Тяньцзинь кәсіптік институты арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылды.

Бүгін елімізде тұңғыш рет Лу Бань шеберханасы ашылып жатыр. Мұны екі ел арасындағы достықтың нышаны деп айтуға болады. Бұл тікелей Мемлекет басшысының бақылауында іске асырылған жоба. Ғылым және жоғары білім министрлігі ең алғаш ашылғанда ел аумағында осындай зертханалар құру туралы тапсырма берген болатын. «Бүгінде шетелдің ең мықты оқу орындарын елімізге шақырып, филиалдарын ашып жатырмыз. Алдағы 5 жылда еліміздің тағы 3-4 қаласында осындай шеберхана ашу жоспарымызда бар», деді Саясат Нұрбек.

х

«Қазақстанда шеберхананың ашылуы студенттерімізге Қытайдың заманауи жабдықтарын пайдалана отырып, автомобиль технологияларын меңгеруге мүмкіндік береді және болашақ инженерлерді дайындауға ықпал етеді. Бүгінгі таңда әлемнің 19 елінде 20 «Лу Бань шеберханасы» жұмыс істейді», деді Ермек Көшербаев.

Чжан Сяо өз сөзінде бұл шеберхананың маңызы зор екендігін, екі ел арасындағы көпір болатындығын, Қытай елінің алдағы уақытта да Қазақстанмен осындай жобаларды қолға алуға ниетті екендігін жеткізді.

Айте кетейік, «Лу Бань шеберханасы» бұл электромобильдерге қызмет көрсететін инженерлерді даярлайтын орталық. Мұнда студенттер электр станциялары мен аккумуляторлық батареяларды жөндеуге машықтанады.