Туризм • 13 Желтоқсан, 2023

Туристер саны арта түсті

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қаңтардан қыр­күйек айына дейін елімізге 834,9 мың шетелдік турист саяхаттаған. Бұл – былтырғы көрсеткішке қа­рағанда 225 мың адамға көп. Яғни өсім өт­кен жыл­дың сәйкес кезе­ңімен са­лыстырғанда 37%-ға арт­қан. Былтыр елімізге 609,8 мың шет­елдік келген еді.

Туристер саны арта түсті

9 айдың қорытындысында 2023 жылы орналастыру орындары қызмет көрсеткен ішкі туристер саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 553 мыңға артып, 5,4 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 1,3 миллион адамға көп. Осы орайда 2019 жылдың 9 айында ел ішінде 4,1 млн адам саяхаттағанын еске сала кеткен жөн.

пар

«Кейінгі жылдары шетелдік туристердің Қазақстанға деген қызығушылығы арта бастағаны байқалады. Мәселен, биыл елімізге 800 мыңнан аса шетелдік келген. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін жетуі мүмкін деген болжам бар. Бұған еліміздің көрсе көз тоятын табиғи сұлулығы, мәдени бай мұрамыз және қонақ­жайлығымыз дәлел бола алады. Біз елімізді туристер үшін одан да тартымды әрі қызықты ету және байтақ жерімізге табаны тиген әрбір саяхатшыға ұмытылмас әсер қалдыру үшін тырысамыз», деді Туризм индустриясы комитеті төр­ағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев.