Кино • 14 Желтоқсан, 2023

«Тақиялы періште» ағылшынша сөйлесе... Америкалықтар қазақтарға ерекше сый жасады

793 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы АҚШ елшілігі Тәуелсіздік күніне тамаша тарту жасады. Елшілік қызметкерлері қазақ көркем фильмдерін ағылшын тілінде дыбыстап, көпшіліктің ризашылығына бөленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тақиялы періште» ағылшынша сөйлесе... Америкалықтар қазақтарға ерекше сый жасады

Ақжолтай хабарды бүгін елшілік қызметкерлері Instagram әлеуметтік желісінде жариялады. Онда: «Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көргіңіз келе ме?», делінген.

Америкалықтар «Тақиялы періште», «Қыз Жібек», «Махаббат бекеті» фильмдерін ағылшынша сөйлеткен.  Тайлақты - Lucas, биші қызды - Lola, Сырлыбай биді - Colin, Ермек Серкебаевты - Johnibek, Оралды - Chris дыбыстаған.