Оқиға • 15 Желтоқсан, 2023

Алматы облысында жанармай құю бекетінде ірі өрт шықты

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында жанармай құю бекеттерінің бірінде ірі өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы облысында жанармай құю бекетінде ірі өрт шықты

Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 14 желтоқсан күні сағат 19:22-де кезекші бөлімшеге оператордың жанар-жағармай құю станциясы мен жақын маңдағы жалпы көлемі 30 текше метрді құрайтын цистерналардан өрт шыққаны туралы ақпарат түскенін хабарлады.

«Оқиға орнына Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жөнелту шенінің жоғарылауы бойынша жіберілді, барлық төтенше жағдайлар қызметі өзара іс-қимыл жасады. Өрт 20:15-те анықталып, 21:41-де 80 шаршы метр аумақта сөндірілді. Шұғыл қабылданған шаралар жанар-жағармай құйылған цистерналардың жарылуының және өрттің жақын маңдағы жанар-жағармай құю станциясына (30 метр қашықтықта), шағын базарға (10 метр) және тұрғын үй секторына (15 метр) таралуының алдын алды», деп атап өтті Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт салдарынан жанармай құюшы автоцистернаның 1967 жылы туған жүргізушісі орташа термиялық күйік алған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол ауруханаға жатқызудан бас тартты.

Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Сөндіру жұмыстарына 20 қызметкер мен сегіз бірлік авариялық-құтқару техникасы, полиция қызметкерлері мен жедел медициналық бригада жұмылдырылды.