Өнер • 17 Желтоқсан, 2023

Димаш Халықаралық кинофестивальде ән шырқады

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 желтоқсанда Қытайдың Хайнань аралында Бесінші халықаралық кинофестивалі шымылдығын түрді. Әлемдік киногерлер мен көрермендер үшін маңызды іс-шарада отандасымыз Димаш Құдайберген ән шырқады, деп жазады Egemen.kz әншінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Димаш Халықаралық кинофестивальде ән шырқады

Қытайдың оңтүстігінде орналасқан Санья теңізіндегі айрықша Шангри-Ла курортында танымал кинорежиссерлер, актерлер, музыканттар бас қосты.

Димаш Құдайберген ашылу салтанатында италиялық режиссер Пьерджузеппе Зайидің Creators: The Past көркем фильмінің басты тақырыбы – Across Endless Dimensions композициясын шырқады.