Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023

Екі компаниядан 10,7 млрд теңге айыппұл өндірілді

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының прокуратурасы табиғатты пайдалану субъектілерінің экологиялық заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізіп, талапты бұзған екі компания әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі компаниядан 10,7 млрд теңге айыппұл өндірілді

Фото: sknews.kz

«Талдау шеңберінде парниктік газдар квотасынан асып кету, эмиссияны экологиялық рұқсатсыз жүзеге асыру, сондай-ақ рұқсат етілген шығарындылар нормаларынан асып кету және жердің ластану фактілері анықталды. Енгізілген прокурорлық қадағалау актілерінің нәтижеcімен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС және «Теңізшевройл» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды», делінген хабарламада.

Прокуратураның қабылдаған ұйғарымы бойынша сот екі компанияны кінәлі деп танып, 10,7 миллиард теңге айыппұл өндірілді.