Театр • 21 Желтоқсан, 2023

Өңір театрында – аншлаг

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы, соңғы уақытта Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы драма театрда жаңалық көп. Өнер ұжымының гастрольдік сапарларынан бөлек, биыл Сыр көрермендеріне Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры­ның, Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар театры өнерпаз­дарының және «Шам» театры ұжымының өнерін жергі­лікті сахнада тамашалауға мүмкіндік туды.

Өңір театрында – аншлаг

Н.Бекежанов атындағы об­лыс­тық қазақ музыкалық ака­демиялық драма театры дирек­торы Мұхтар Ниязов осының бәрі көрермен талғамын қалып­тастыру қадамы екенін айтады.

– Жуырда ғана Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шақ» повесі негізіндегі әзірлеген қойылымымыз аншлагпен өтті. Жалпы, осы шығарманы өзек еткен спектакльдер бұған дейін Ғабит Мүсірепов атындағы Жас­тар театрында, Әзірбайжан Мәм­бетов есімін иеленген Ас­танадағы театрда қойылған болатын. Өңірлер арасында бі­рін­ші рет Сыр сахнасынан көрі­ніп отыр, – дейді Мұхтар Нияз­ов.

«Болмаған балалық шақ­тың» үшінші қойылымына келген автор Ақберен Елгезек спектакль алдында БАҚ өкілдерімен кез­десті. Автор-кейіпкер бұй­­дасы жоқ балалығының осы ес­­­телігі арқылы өзімен тағдыр­­лас балаларға жігер береді. Бір тәулікке жетпейтін уақыт ара­лығында қағазға көкірек­тен төгіліп түскен шығарма не­гізінде алда фильм түсірілмек.

Көрерменді екі сағат сахнаға байлап қойған қойылымнан кейін автор көп алдына шығып, Алматы мен Астана театр­ла­рынан кейін өңірлер арасын­да бірінші боп қойылған Сыр­дағы қойылымның кө­ңіл­­ден шыққанын айтты. Ак­терлардың кәсіби ойындарына, режиссердің сәтті шешімдеріне тәнтілік танытты.

Қойылымнан кейін театр фойесінде «Болмаған бала­­лық шақ» кітабы автор қолтаң­ба­сы­мен оқырмандарға жол тартты.

 

ҚЫЗЫЛОРДА