Оқиға • 26 Желтоқсан, 2023

Қызметтік борышын өтеу барысында өрт сөндіруші қаза тапты

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында өрт сөндіруші қайтыс болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.

Қызметтік борышын өтеу барысында өрт сөндіруші қаза тапты

Фото: ТЖМ

25 желтоқсан күні  сағат 16.56-да Алматы қаласы №19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шыққан болатын.

Екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті ауыздықтау барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды. 

Министрлік оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді.