Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023

Елімізде автогаздың жаңа шекті бағасы бекітілді

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы бұйрығымен ішкі нарыққа жеткізу жоспары аясында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары бекітілді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде автогаздың жаңа шекті бағасы бекітілді

Фото: Тұрар Қазанғапов

Министрлік бекіткен баға мөлшері жекелей қала, облыстарда сұйытылған газдың 1 литрі үшін Қосылған құнға салынатын салықты есепке алғанда бөлшек саудадағы максималды бағасы мынадай:

  • Астана – 76 теңге;
  • Алматы – 81 теңге;
  • Шымкент – 64 теңге;
  • Алматы облысы, Солтүстік Қазақстан облысы – 81 теңге;
  • Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары – 54 теңге;
  • Ақмола облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Қостанай, Қарағанды ​​облысы. – 76 теңге;
  • Жамбыл облысы – 71 теңге;
  • Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан облыстары. – 64 теңге;
  • Павлодар облысы – 74 теңге.
  • Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары – 76 теңге.

Жаңа баға шегі 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.