Мәдениет • 27 Желтоқсан, 2023

Балалар әдебиетіне басымдық беруді ұсынды

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алматы облысының тұрғындарымен кездесуінде Мемлекет басшысының қоғам өмірінің барлық салаларында сапалы өзгерістерге бағытталған реформалары мен бастамаларын тиімді іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды  Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалар әдебиетіне басымдық беруді ұсынды

Фото: aqparatqogam

«Президент 1 қыркүйекте еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, нәтижесінде отандастардың өмір сүру деңгейін арттыруға арналған реформалардың жаңа пакетін ұсынды. Оң өзгерістердің маңызды шарты - азаматтық қоғамның белсенді қатысуы. Алматы облысының азаматтық сектор өкілдері үнемі белсенділік танытып, қоғамдық-саяси процестерге бей-жай қарамайтыны қуантады», деді Аида Балаева. 

арасынаМинистр Алматы облысы тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, олардың ұсыныстарын тыңдады. Кездесуге қатысушылар Аида Балаеваға соңғы жылдары отандық киноиндустрияда шығарылып жатқан контентке назар аударуды сұрады. Сонымен қатар блогерлердің, әлеуметтік желідегі паблик әкімшілерінің жауапкершілігін күшейту, шындыққа сәйкес келмейтін және халықты адастыратын ақпаратты орналастыруға қатысты мәселе қозғалып, ұсыныстар айтылды.

Одан бөлек, халықтың діни сауатын арттыру, балалар әдебиетін басып шығаруға қолдау көрсету де айтылды.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында ведомство басшысы жас мамандардың жалақысын көтеруге байланысты сұрақтарға жауап берді. Өңірдегі азаматтық сектор өкілдері тарихи және мәдени мұра саласындағы жобаларды іске асыруға қолдау көрсетілсе деген ұсынысын айтты. Республикалық һәм өңірлік БАҚ өлдерімен де жүздесіп, медиа өрісті дамытудың маңызын талқылады.