Қоғам • 31 Желтоқсан, 2023

Бас жүлде қазақ ақынына бұйырды

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл соңында ел руханияты тағы да жағымды жаңалықпен толықты. Хайнань аралында өткен Боао 6-халықаралық поэзия фестивалінің бас жүлдесі Қазақстанға бұйырды. Поэзия сыйлығының «Үздік жетістік» аталымын қазақ ақыны Ұлықбек Есдәулет еншіледі.

Бас жүлде қазақ ақынына бұйырды

Боао халықаралық поэзия фестивалі, Дүниежүзілік поэ­зия қозғалысы және Азия поэ­зиясын дамыту қоры сияқты 10 ұйымның бастамасымен, алтыншы «Боао халықаралық поэзия сыйлығына» үміткерлерді іріктеу осы жылдың 11 сәуірінде басталып, 10 қыркүйекте аяқталған болатын. Дәстүр бойынша «Үз­дік жетістік» аталымының ие­­гері қазылар алқасының ұсы­нуымен дауысқа салу арқылы анық­та­лады.

Айта кетейік, Боао халық­аралық поэзия сыйлығы 2018 жылы тағайындалған. Сый­лық дүние жүзінде поэзия шы­ғар­машылығын өркендетуге, қы­тай поэзиясының интернационалдануын ілгерілетуге бағытталған. Сыйлық иегерлерін анықтауға Қытай поэзия мектептері же­лісінің бастамасымен оннан ас­там қытайлық және шетелдік поэзия (әдеби) институты атсалысады.