Тағайындау • 04 Қаңтар, 2024

Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Ақпарат комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпарат комитетінің төрағасы тағайындалды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Мейірлан Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2011 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінде бастаған. 

2012 жылы Қарағанды облысының Салық басқармасының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

2012-2013 жылдары аталған облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының бас маманы болып қызмет атқарды.

2013-2016 жылдары – Ақпарат комитеті Баспа БАҚ басқармасының сарапшысы, бас сарапшы.

2016-2021 жылдары – Президенттің баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, инспекторы. 

2021 жылдың шілде айынан 2023 жылғы желтоқсан айына дейін Президенттің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.