Аймақтар • 04 Қаңтар, 2024

Павлодарда жолаушылар мінген автобус ойыққа құлап кетті

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Майқайыңалтын» АҚ кенішінде авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарда жолаушылар мінген автобус ойыққа құлап кетті

4 қаңтарға қараған түні сағат 01:25 шамасында Павлодар облысының Баянауыл ауданында «Майқайыңалтын» АҚ аумағында, Майқайың кеніші шахтасының жанында тазарту кеңістігіне 4 жолаушысы бар автобус құлады. Қирандының алдын ала ұзындығы − 150-200 м, ені − 500 м, тереңдігі − 150 м.

Апат кезінде автобуста 4 адам болған. Оның үшеуі КӘАҚҚ РОШ Павлодар филиалының құтқарушылары, ал біреуі жүргізуші болған екен. Шахтадан 33 жұмысшы эвакуацияланды, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.

«Жедел штаб ұйымдастырылды. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың басшылығы оқиға орнына барды. Психологтар жұмыс істеп жатыр. Авариялық-құтқару жұмыстарына «Майқайыңалтын» АҚ кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖ департаментінің құтқарушылары, барлығы 44 адам, 13 техника мен бір ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) жұмылдырылды», делінген ТЖД хабарламасында.