Теннис • 05 Қаңтар, 2024

Елена – ширек финалда

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде ширек финалға шықты.

Елена – ширек финалда

Жарысты екінші айналымнан бастаған Е.Рыбакина алғашқы ойынын әлемдік рейтингте 124-орында тұрған Оливия Га­декиге қарсы өткізді. Деңгейдің аты – деңгей, бұл кездесу біздің теннисшіге аса қиын­дық туғызбады. Бірінші сетте аздаған ба­сымдықпен ұтса, екінші сетте тіптен мүм­кіндік бермеді деуге болады: 6:4, 6:1. Бір сағат­тан аса уақытқа созылған бәсекеде Елена 4 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Ал отандасымыздың үшінші айналым­дағы қарсыласы осал болмады. Ол – әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс. Осыған дейін қарсыластар өзара төрт мәр­те кездессе, соның үшеуінде Елена же­ңіске жеткен еді. Бұл жолы бірінші партия­да қос брейк жасаған Е.Рыбакина айқын басымдық танытты – 6:1. Елена екінші сетті де брейкпен бастады. Ақыры 6:0 матч нүктесін есебімен қойды. Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Елена 3 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды.

Енді Елена доданың жартылай финалына шығу үшін ресейліктер, әлемнің 16-ракеткасы Вероника Кудерметова немесе рейтингте 28-сатыдағы Анастасия Потапованың біреуімен таласады.