Қоғам • 05 Қаңтар, 2024

Қазақстан халқының саны нақтыланды

1186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының саны туралы деректерді нақтылады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан халқының саны нақтыланды

Фото: Максим Блинов

Ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 014 575 адам болған. Оның ішінде:

  • қала халқы – 12 431 220 адам;
  • ауыл тұрғындары – 7 583 355 адам.

2023 жылдың басынан бері халық саны 247 768 адамға өсті. Оның ішінде табиғи өсім есебінен 239 422 адамға, көші-қон есебінен 8 346 адамға өсті. 

Мамандар халық санының ең жоғары өсу қарқыны келесі аймақтарда тіркелгенін хабарлады:

  • Астана – 5,11%;
  • Алматы – 2,82%;
  • Маңғыстау облысы – 2,4%.