Ауа райы • 06 Қаңтар, 2024

Қар, көктайғақ, жел: Бүгін ауа райы қандай болады?

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет Қазақстан өңірлерінде 6 қаңтарда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қар, көктайғақ, жел: Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, батыста, солтүстікте, орталықта бұрқасынмен қар жауады.

Тек еліміздің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел болады.