Оқиға • 07 Қаңтар, 2024

Алтын кенішіне құлап кеткен автобус орны шамаланды

5194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы кеніш ойығына түсіп кеткен 4 жолаушысы болған автобустың орны шамаланды, бүгін Балқаш қаласынан арнайы георадар жеткізіліп, құтқару-іздестіру жұмысы жаңа әдіспен жүргізіле бастады, деп жазады Egemen.kz.

Алтын кенішіне құлап кеткен автобус орны шамаланды
Kerek.pv телеграм арнасы автобус бес метр тереңдікте жатқанын хабарлады. Оның орналасқан жері елдегі жалғыз георадар арқылы анықталған.
Алайда ауыр техника автобус жатқан жерге әзірге жете алмайды. Қазір топырақты аршу жұмыстары жүргізіліп жатыр.