Оқиға • 08 Қаңтар, 2024

Щучинскіде тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бурабай ауданы Щучинск қаласында екі қабатты төрт пәтерлі тұрғын үйден өрт шықты. Өрт екі адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды Egemen.kz

Щучинскіде тұрғын үйден өрт шығып, екі адам көз жұмды

Өртті сөндіруге 7 техника мен жеке құрамнан 22 адам жұмылды. Өртті сөндіру жоғары өрт жүктемесіне байланысты қиынға соққан. Өйткені үй құрылымдық жағынан толығымен ағаш конструкциялардан тұрғызылған әрі отқа төзімділіктің 5-дәрежесіне жатады. Қазіргі таңда өрт сөндірілді.

«Өртті сөндіру кезінде екі адамның мәйіті табылды. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті қаза болғандардың туыстарына көңіл айтады», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Осындай оқиғалардың алдын алу үшін облыстық төтенше жағдайлар департаменті үйдегі өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда:

- Электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз;

- Жылыту пештерін қараусыз қалдырмаңыз, ұзақ қыздырмаңыз;

- Электр жабдықтары мен сымдардың жағдайын бақылаңыз;

- Үй-жайларды немесе көліктерді жылыту үшін қолдан жасалған, ақауы бар жылыту құрылғысын пайдаланбаңыз;

- Балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.