Тағайындау • 08 Қаңтар, 2024

Бас прокурор аппаратының басшысы тағайындалды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурордың бұйрығымен Бас прокурор аппаратының басшысы қызметіне Мұхаметжанов Алмаз Оралұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz  Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас прокурор аппаратының басшысы тағайындалды

Фото: Бас Прокуратура. Телеграм

Алмаз Мұхаметжанов 1972 жылы дүниеге келген.

Еңбек жолын 1994 жылы бастап, Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі, прокуратураның тергеушісі, Қарағанды облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры қызметтерін атқарған.

Бас прокуратурада 1998 жылдан бастап жұмыс істеген, Астана қаласы бойынша ҚСАО басшысы, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары, Бас прокуратураның халықаралық қатынастар департаменті бастығының орынбасары, Бас прокурор аппаратының ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

2009 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың ақпан айына дейін Әділет министрлігінің НҚА тіркеу Департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Бас прокуратураның Нормашығармашылық қызметті үйлестіру басқармасының, сосын департамент бастығы лауазымдарын атқарып келді.

«Ерен еңбегі үшін» медалі және «Құрмет» орденімен марапатталған, прокуратура органының құрметті қызметкері.