Ауа райы • 09 Қаңтар, 2024

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

69 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Болжамға сәйкес Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің солтүстік жартысында қар жауып, боран соғады, оңтүстікте жаңбыр жауады.

Еліміздің солтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның барлық өңірінде 9 қаңтарда тұман, көктайғақ болып, екпінді жел соғады.