Ауа райы • 12 Қаңтар, 2024

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

23386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ақпан айында тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

фото: visitkazakhstan.kz

«Алдын ала болжам бойынша, ақпан айында республика бойынша ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Бірақ кей күндері қаңтар айындағыдай түнде -20, -28 градусқа дейін, күндіз -10, -15 градусқа дейін аяз болады», дейді ұзақ мерзімді ауа райын болжау бөлімінің басшысы Жұлдыз Исабекова. 

Сонымен қатар келесі айдың кейбір күндерінде оңтүстік циклондардың пайда болуына байланысы ауа температурасы оңтүстік облыстарда +5, +15 градусқа дейін көтеріледі.