Ауа райы • 17 Қаңтар, 2024

Жеті өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады - синоптиктер

717 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 қаңтарда Қазақстанның жеті облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеті өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады - синоптиктер

Фото: inbusiness.kz

Мамандардың болжамына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман болады. 

Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде көктайғақ болады. Атырау қаласының өзінде түнде көктайғақ, кейде тұман болады деп күтіледі.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман болады. Облыстың тау асуларында қар жауады деп болжанып отыр.

Ал Шымкентте түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады. Түркістанда түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және шығысында көктайғақ болатыны ескертілді. Батыста, солтүстікте және облыс орталығында тұман түседі.

Ақтауда да тұман түсетіні айтылды.