Қоғам • 19 Қаңтар, 2024

БҰҰ миссияларына қатысатын әскерилерге қандай міндет жүктеледі?

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Андрей Лукин БҰҰ миссияларына қатысатын әскери қызметшілердің міндеті туралы айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ миссияларына қатысатын әскерилерге қандай міндет жүктеледі?

Фото: Егемен Қазақстан

Сенатордың айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі болғандықтан осындай іс-қимылдар мүше мемлекеттің жауапкершілігіне жатады. Сондай-ақ бұл қадам Қазақстанның бітімгер саясатын қолдайтынын көрсетеді. Осы себепті Қазақстан бітімгерлік миссияларға қатысады.

«Біздің әскерилер патрульге шығады, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау миссиясын орындайды. Олар ерекше жағдайларда жауынгерлік күш пен құралдарды қолдануы мүмкін, біз мұны жоққа шығара алмаймыз. Бұл ретте, сол аумаққа Қарулы Күштердің дайындықтан өткен қызметшілері бағытталады. БҰҰ миссиясы аясында баратын Қазақстан әскерилері далалық госпитальдарды орналастырады. Осы орайда түрлі кәсіптік бағыттағы әскери дәрігерлер, инженерлік-саперлік бөлімшелер қызмет етеді. Саперлер жарылғыш заттарды тауып, аумақты тазартады», деді А. Лукин.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жіберілетін контингентті қаржыландырудың толық сомасы биыл наурыз айында белгілі болады.