Жоба • 22 Қаңтар, 2024

Студенттің смарт жобасы

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенті Саят Өрікбаев «Smart Bench» жобаcын іске асыруға кірісті. Ол күн сәулесінен қуат алатын орындықтарды орнатып, кампус ландшафтын өзгерткісі келеді.

Студенттің смарт жобасы

«Kyzylorda Hub» кәсіпкерлік орталығының резиденті Саят Өрікбаевтың айтуынша, Smart Bench – күннен қуат алатын «ақыл­ды» орындық.

– Қазір Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда универ­ситетінің қызметкерлері мен ст­уденттеріне арналған инновациялық эко-жобаның дайын үлгісі бас оқу ғимараты маңына орна­тыл­ды. Бұл жоба арқылы өңірі­міздің экологиялық жағдайын жақ­сартуға септігімді тигізгім келеді. Күн панельдері орна­тылғаннан кейін оны қолдана беруге болады, – дейді студент.

Жаңашыл студент осыған дейін «Chevron» компаниясы ұйымдастырған «Sustainability Living Lab» сайысында жобасын таныстырып, грант иеленген.

 

ҚЫЗЫЛОРДА