Ауа райы • 23 Қаңтар, 2024

Тұман, жел, бұрқасын: 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тұман, жел, бұрқасын: 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Болжамға сәйкес, ел аумағының басым бөлігі оңтүстік циклонның науқаны мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, сондықтан ауа райы әлі де тұрақсыз болады. Синоптиктердің айтуынша, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар жауады.

Бұдан бөлек Қазақстанда тұман болып, жел күшейеді, бұрқасын да күтіледі. Оңтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта көктайғақ болады.

Елордада көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Оңтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -17-19°С, күндіз -7-9°С.

Алматыда да көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Желдің екпіні 0-5 м/с болады. Ауа температурасы түнде -5-7°C, күндіз +4+6°C.

Шымкентте күн ашық болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан шығысқа ауысатын жел 5-10 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +8+10°C.