Оқиға • 24 Қаңтар, 2024

«1200 шаршы метрді шарпыған»: Елордада цех өртенді

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жиһаз жасайтын цехта 23 қаңтарда ірі өрт болған. Жүзге жуық өрт сөндіруші 2 сағатқа жуық уақытта өрт ошағын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1200 шаршы метрді шарпыған»: Елордада цех өртенді

Фото: Астана ТЖД

Хабарлама түскен соң, сағат 21:20-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Дүкенұлы көшесі, 31/11С мекенжайында болып жатқан өртті сөндіруге аттанған.

«Сағат 21:26-да жиһаз жасайтын өндірістік цехта, 1200 шаршы метр алаңда, жиһаз дайындамалары, пластмасса және резеңке-техникалық бұйымдар жанғаны анықталды. Штаб ұйымдастырылып, өрт сөндірушілер жедел әрі үйлесімді әрекеттерімен өрттің жақын маңдағы ғимараттарға таралуына жол бермеді. Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 22:40-та өрт оқшауланып, сағат 23:19-да жойылды», делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 93 адамы және 18 бірлік техникасы, сондай-ақ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылған.