Аймақтар • 24 Қаңтар, 2024

Жол апаты қайғылы қазаға ұрындырды

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында республикалық «Жезқазған-Петропавл» тасжолында Peugeot және Toyota Camry автомобильдері бетпе-бет соқтығысып, екі адам бірден қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол апаты қайғылы қазаға ұрындырды

Салондағы төрт жолаушы ауыр жарақаттар алып, емдеу орындарына жеткізілді. Апат Петропавл маңындағы Қызылжар ауданында болған.

Қазір жол сақшылары апаттың себептерін анықтап жатыр.