Теннис • 25 Қаңтар, 2024

Тұңғыш рет ширек финалда

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпио­натының ширек финалына шықты. Әлемде жасөспірімдер рейтингісінде 27-орында тұрған Қарағанды теннис мектебінің түлегі алғашқы болып осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Тұңғыш рет ширек финалда

Фото: inbusiness.kz

Ә.Омарханов үшінші айналымда әлемдік рейтингіде өзінен бір саты жоғары тұрған оңтүс­тіккореялық Чанджун Кимді қапы қал­дырды. Бірінші сетте Әмір 6:3 есебімен басым­дық танытса, екіншісінде Ким есе қайырды.

Есесіне шешуші, үшінші сетте Омарханов 19-минутта қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ – 6:0. Тартысты бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.

Әмір Омарханов жартылай финалға шығу үшін жасөспірімдер арасында әлемнің 25-ракеткасы, нидерландтық Мец Ротгерингпен таласады.