Аймақтар • 25 Қаңтар, 2024

Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасамақ болған жалған «террорист» ұсталды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе қаласының мектептерінде терроризм актісі туралы  жалған хабар таратушы анықталды. Ол  көршілес мемлекеттің  18 жастағы тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе мектептеріне шабуыл жасамақ болған жалған «террорист» ұсталды

Қазіргі кезде өңірдегі жағдай тұрақты, алаңдауға негіз жоқ. Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабымен қылмыстық іс қозғалып, террорлық әрекет туралы жалған хабар таратушы шетел азаматының жеке басы анықталып жатқанын хабарлады.

Айта кету керек, бүгін түс мезгілінде әлеуметтік желілерде Ақтөбе қаласының бірнеше мектебіне бір мезгілде шабуыл жасалатындығы туралы хабар тарады. Ол телеграмм-каналда  қаладағы қандай мектептің террорлық шабуылға ұшырайтынын да көрсеткен. Дереу білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге полиция жасақтары жіберіліп, мектептің кіреберістеріндегі өткізу режимі мен  бейнебақылау жүйелері қадағалауға алынды. Өңір басшысы Асхат Шахаров пен облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан, облыстық Полиция департаментінің басшысы Абай Жүсіпов №21, №27, №32 мектеп-гимназиясына барып жағдайды өз көздерімен көрді, оқушылардың ата-аналарымен пікірлесті.

Лвл

Бүгін мектептерде сабақтар қалыпты жағдайда өтті, онлайнға көшу туралы мәселе көтерілген жоқ.