Үкімет • 26 Қаңтар, 2024

Мемлекет мүлкін заңсыз иемденген жаңа тұлғалар анықталды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысында мемлекет мүлкін тәртіптен тыс қолды еткен тұлғалардың жаңа тізімі анықталды. Үкімет басшысы оларды тиісті реестрге енгізіп, тексеру шарасын жеделдетуді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет мүлкін заңсыз иемденген жаңа тұлғалар анықталды

Фото: depositphotos.com

Бұдан бөлек, реестрдегі жекелеген азаматтардың және оларға үлестес тұлғалардың шығу тегі түсініксіз мүлкін мемлекет кірісіне аударуды мәжбүрлеу туралы талаптар қойылады. 

Премьер-министр Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы шешімі – «Әділетті Қазақстанды» құру процесінің жалғасы екенін атап өтті. Осындай бастамалар негізінде кейінгі 2 жылда елге жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жуық активтер қайтарылды. Оның ішінде 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік объектісінің 131-і шетелде екені анықталды. Жалпы құны 448 млрд теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 трлн теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 трлн теңгені құрайтын күмәнді операциялар тексеріліп жатыр.

«Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану», деді Әлихан Смайылов. 

Премьер-министр талқылау қорытындысы бойынша Заңсыз иемденген мүлік пен шетел асқан активтерді қайтару жөнінде мемлекеттік органдарға тиісті тапсырма жүктеді.

аа