Қоғам • 30 Қаңтар, 2024

Елімізде запастағы офицерлер қызметке шақырылады

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметі 752 запастағы офицерді әскери қызметке тарту туралы қаулы қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде запастағы офицерлер қызметке шақырылады

Фото: inform.kz

Запастағы офицерлер 24 айға (2 жыл) әскери қызметке шақыртылады.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 32-бабына сәйкес, офицерлер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2024 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын», деп жазылған Қаулыда.

752 запастағы офицерлердің 600-і Қарулы күштер қатарына, 80 -і Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне, 42 -сі Ұлттық ұлан құрамына, 30-ы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің қатарына қосылады.

Қаулы 2024 жылдың 9 ақпанында күшіне енеді.